АҚШ дауыл соғып, қалың қар басты
Әлем елдерінің бірқатарында көктемгі нөсерден кейін жағдай қиындаған. АҚШ-тың бірнеше штатында нөсерден кейін дауыл күшейген. Қолайсыз ауа райынан кемінде 10 адам қаза тапты. 1 миллионнан аса тұрғын электр жарығынсыз қалды. Кей аймақтарда құйын көтеріліп, ағаштарды тамырымен жұлып, құлатқан. Калифорния штатын қалың қар басып, 13 ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді. Жолдар жабылып, көлік қатынасы шектелді. Табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр. Ал Малайзияда су тасқынынан кейін іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Апат аймағынан 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Кей жерлерде судың деңгейі үйлердің шатырына дейін жеткен.