Түркияда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 48 мыңнан асты
Жерасты дүмпулері әлі де қайталанып жатыр. Елдің Апат және төтенше жағдайлар басқармасы Қахраманмарашта 4,7 және 4,9 балдық екі жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Өткен айдағы алапат зілзала мен одан кейін болған 15 мыңдай жерасты дүмпуінен, шалғай аудандардағы елді мекендер де зардап шеккен. Ауыл және Орман шаруашылығы министрі жер сілкінісінен келген шығын көлемі 80 млрд доллардан асқанын айтты. Сарапшылар: «Ел халқының 14% тұратын аймақты қалпына келтіру оңай болмайтыны анық»,-дейді.
Мехмет Атеш, Хатай қаласының тұрғыны:
- Антакиядағы үйіміз жер сілкінісінен кейін жарамсыз болып қалды. Бірінші түнді көлікте өткіздік. Екінші күні ауылдағы үйімізге келдік. Мұнда да жағдай қиын. Көп ғимарат қираған. Үйіміз бұзылмаған, бірақ жерасты дүмпулері тыйылмай тұр. Қауіп бар, сондықтан үйдің қасына шатыр құрып, сонда түнеп жүрміз. Алғашқы күндерде жарық пен жылу болған жоқ.