Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті
Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Парламенттік сайлаудың нәтижесі белгілі. Ал президенттік сайлау қорытындысы алдағы сағаттарда белгілі болады.
Түркияда президент сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды. Оған сай, саяси додада жеңіске жету үшін ешбір кандидат 50% дауыс жинай алмады. Жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметі осындай.
Ахмет Йенер, сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сағат 09.45-тегі мәлімет бойынша, ел аумағанда жалпы 192 мың 214 сайлау жәшігіміздің, 192 мың 187-сі ашылды. Бұл 99% деген сөз. Режеп Тайып Ердоған 49,40%, Кемал Кылычтароғлұ 44,96, Синан Оған 5,2, Мухаррем Инже 0,44% дауысқа ие болды.
Елде бір сайлау орталығында шамамен 300-ден астам адам тіркелген. Ал шетелде мыңдаған адам таңдау жасаған. Дауыстар әлі саналып жатыр.
Сайлау күні елде қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді - 600 мыңнан аса тәртіп сақшысы жұмысқа тартылған. Ал сайлаудың заң талаптарына сай өтуін 50 млн-нан астам байқаушы қадағалады.
Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ТүрікПА байқаушысы:
- Халықтың саяси санасы өте жоғары екен. Өздерінің президентін сайлауға деген құлшынысы өте мықты. Бір мектепте 13-17 сайлау участігі бар. Әрбірінде 250-300 адам бар.
Парламенттік сайлаудың нәтижесі белгілі. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне алғаш рет 9 саяси партия енеді. Ал президенттік сайлаудың қорытындысы алдағы сағаттарда белгілі болады.
Авторы: Меруерт Қанағат