Жапонияда «Үлкен жетілік» саммиті өтіп жатыр
Алғашқы отырыс басталмас бұрын G7 лидерлері Бейбітшілік саябағында 1945 жылы атом бомбасының құрбандарының рухына тағзым етіп, гүл қойды. Содан кейін ағаш егу рәсіміне қатысты. Бұл жолғы саммитте Украинаға көмек, Ресейге қарсы санциялардың жаңа легі, Қытаймен қатынас, ядролық қару қаупі, климаттық дағдарыс және жасанды интеллект сияқты мәселелер талқыланады. Батыс басылымдарының хабарлауынша, саммиттің соңғы күні Хиросимаға Украина президенті Владимир Зеленский де баруы мүмкін. Айта кетсек, «Үлкен жетілікке» Франция, Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия, Жапония және Америка Құрама Штаттары кіреді. Сонымен қатар биылғы форумға Австралия, Бразилия, Үндістан, Индонезия, Вьетнам және Оңтүстік Корея басшылары да шақырылған.