Израильден 166 адам елге жеткізілді
Оның 124-і Қазақстан азаматы, ал қалған 42-і шетелдік жолаушы. Тель-Авив қаласына ұйымдастырылған репатриациаялық рейс түнгі 12-ге таман Алматы әуежайына келіп қонды. Ұшаққа отырғызатын кезде басқа күнге алынған билет, түгелдей жарамды деп танылды. Ал билеті жоқтарға арнайы төмендетілген тариф ұсынылды. Айта кетейік, Израиль мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 5 қазаннан бастап түгелдей тоқтады. Елге оралғандардың сөзінше, жағдай күннен-күнге ушығып, жергілікті тұрғындар үреймен отыр.
Қарлығаш Өтепбергенқызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Рюкзакты қасымызға алып жаттық. Сосын бізге бомбаубежище нөмерін беріп қойды, бізге- 0152 деген. Солармен соны есімізге сақтап түнде жаттық. Сирена күттік. Сирена ойналған кезде қашуға дайын болдық. Болашақтың тағдыры қиын болып тұр. Өзімізге қатыса алмай қалғанымыз қиын болып тұр, қатыса алмай қалғанымыз өкінішті.
Тілек Абдрахимов, Air Astana әуе компаниясының менеджері:
-Қазақстандықтарды Тель-Авивтен шығарып алу оңайға түспеді. Өйткені біздің басшылыққа тәуекелдер мен қиындықтарды ескеруге тура келді. Өйткені жағдай күрделі. Дегенмен қазақстандықтардың өмірін сақтау үшін осындай шешімге келді. Бұл Эйр Астананың күшімен ғана емес елшіліктің көмегімен осындай нәтижеге келдік.