Қазақстан ЮНЕСКО комитетіне сайланды
Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра Комитетіне сайланды. Біздің ел үшін 118 мемлекеттің өкілдері дауыс берді. Сондай-ақ, комитеттің жаңа құрамына Вьетнам, Оңтүстік Корея, Кения, Түркия мен Украина кірді. Алдағы 4 жылда еліміздің өкілдері мәдени және табиғи нысандарды Дүниежүзілік мұра тізіміне қосу жөнінде шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады. Қазір онда ұлттық және шекаралық 6 нысанымыз бар. Арасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы таңбалары, Сарыарқа даласы мен Тұран шөлдері бар.