Еуропа елдері Қазақстан экономикасына 6 айда $5,2 млрд инвестиция салды
Елімізде 3 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді. Сыртқы саудадағы үлесі – 30%. Қазіргі есеп бойынша тауар айналымы 34 млрд доллардан асқан.
Бұл - Қазақстан мен ЕуроОдақ елдері арасындағы биылғы экономикалық байланыстардың негізгі көрсеткіштері. Бүгін Астанада Қазақстан-ЕуроОдақ диалог платформасының 13-отырысы өтті. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізде 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат бағдарламасы қабылданды. Енді 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспары әзірленіп жатыр.