Педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады
Ұстаздар қауымы білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
90-ға жуық мектеп, колледж және барлық деңгейдегі білім бөлімінің басшылары Астанадағы Назарбаев Университетіне жиналды. Олар 8 ай бойы AI технология арқылы жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Айта кеткен жөн, Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебі осы уақытқа дейін 27 мыңнан астам педагогті оқытқан.
Жаңыл Жонтаева, жоғары білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі директоры:
- Жасанды интеллектті енгізуді мектептен, балабақшадан бастау жөнінде қалай дұрыс, нақтырақ пайдалану жөнінде нақты практикалық кейстерді айтып жатырмыз. Жұмыстарын жеңілдетуге, сапаны нығайтуға атсалысады деп үміттенеміз.