ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін
Биыл күзден бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі айтты. Нұрсұлтан Махатовтың сөзінше, бұл бірегей, яғни қайталанбайтын тест тапсырмаларының санын көбейтіп, сұрақтарды әзірлеу кезіндегі адами факторды төмендетуге көмектеседі. Әрі шығындарды азайтады. Сонымен қатар, министрлік өкілдері AI talapker чат-ботын құру да жоспарда бар екенін айтты. Бот студенттерге ҰБТ тапсырудан бастап, грантқа түсуге дейінгі мәселелер бойынша кеңес береді. Бұдан бөлек, жасанды интеллектті, еліміздің өзге де салаларына ендіру мәселесін қолға алу үшін қазір AISana иноовациялық бағдарламасы іске асуда. Оның аясында 100 мың студент жасанды интеллекті дамыту бойынша қажетті дағдыны үйреніп жатыр.
Кәміл Ақатов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы:
-«AI-Sana» болашақ даму үшін стратегиялық құрал, инновациялар мен кәсіпкерлік үшін трамплин. Сондай-ақ студенттік кезден бастап стартап ұлтты қалыптастыру үшін идеологиялық негіз болады деген ойдамыз.