Хабар телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Ғылымның үлесін арттыру аса маңызды

Еліміздің сапалы дамуы үшін ғылымның үлесін арттыру аса маңызды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында осылай деді. 

Палата Спикері соңғы төрт жылдың ішінде ғылымды қаржыландыру 3 есеге ұлғайғанын айтты. Бұл қолдау әрі қарай да жалғасын табады. Сондай-ақ ол аграрлық ғылым, экология, су және ресурс үнемдеу, химия мен мұнай-газ өнеркәсібіндегі шикізатты өңдеу, баламалы және атом энергетикасын дамыту сияқты салалар негізгі назарда болуы тиіс,-деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Осы саланы стратегиялық дамытуға бағытталған «Ғылым және саясат» туралы заң қабылданды. Заң ғалымды қалыптастырудың жолында маңызды қадам болды. Экономикаға ғылыми жетістіктерді енгізуге, сондай-ақ ғылыми техникалық және инновациялық қызметті тиімді үйлестіруге жол ашты.