Елімізде ІТ және цифрлық мамандықтарға әйелдердің де қызығушылығы артып отыр. Тек IT-Aiel жобасы аясында 4 мыңнан астам адам курстан өтіп, сертификат алды. Олардың арасында жұмыссыздар және бала күтімімен отырғандар да бар. Нәтижесінде олар онлайн бизнес ашып, маркетплейстерге шықты. Жасанды интеллектіні де меңгерді. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «TechnoWomen» ұйымы басқа да бірлескен жобаларды іске асыруда.
Азиза Шөжеева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
-Егер әйелдер цифрлық экономикада жасанды интеллектіні қолданып, табыс табуды үйренсе, олар отбасын көбірек қолдай алады. Балаларының біліміне инвестиция жасай алады. Әйелдер қазірдің өзінде, ғылым мен білімде алда.