Елімізде ең үздік 100 кітап анықталды

  • 11
  • 15.12.2025, 18:57

Ұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалған көркем әдеби туындылар алғаш рет бір онлайн-платформада жинақталды. Оқырмандар сүйікті кітаптарын әдебиет порталынан іздеп, заманауи форматта тегін оқи алады. Бұл ұлттық мұраны дәріптеп, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Асылбек Байтанұлы, журналист:

- 100 кітаптың барлығында электронды нұсқасын жасап, дайындап шықтық. Әр автордың өзіне немесе немересіне шығып, бұл коммерциялық бағытта емес, халыққа насихаттау ретінде, халыққа жете берсін деген тұрғыда түсіндіріп барып жасақтап шықтық.