Ғылым мен білім – болашақтың кілті

  • 158
  • 06.01.2026, 18:39

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің стратегиялық жоспары да озық технологиялы экономика идеясына сай жүргізіліп жатыр. Оқу орнында AI-Sana бағдарламасы аясында «Жасанды интеллект негіздері» пәні енгізілген. Сондай-ақ докторанттарға бөлінген грант саны үш жылда төрт есе өскен.

Болат Тілеп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

- Жасанды интеллектпен жұмыс істеу бұл бір көзге оңай көрінгенмен өте күрделі дүние. Ол ең алыдмен баланың ойлау қабілетіне тежегіш болмау керек ол технологиялар. Әрине бұл жерде жалпы баланың рухани дамуына, баланың ой-өрісінің кеңеюіне жасанды интеллект көмекші құрал ретінде болуы керек.