Астанада «Жастар AI» виртуалды кеңесшісі іске қосылды

  • 726
  • 19.02.2026, 21:33

Астанада жастарға арналған «Жастар AI» виртуалды кеңесшісі іске қосылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін платформа 25-ке жуық мемлекеттік бағдарлама бойынша үш тілде ресми ақпарат ұсынады. Жоба Тұран-Астана университетінде өткен сараптамалық кездесу барысында таныстырылды. Сондай-ақ жиында жастарға жаңа Конституция жобасы мен 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдумға дайындық туралы ақпарат берілді. Мамандар мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін дамытып, азаматтық белсенділігін арттыруға септігін тигізеріне сенімді.  

Гүлісхан Нахбаева, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

-Жастар практикасы болсын, бірінші жұмыс орны, серпін бағдарламасы және т.б. 25-тей бағдарламаны біз мемлекеттік органдардан жинақтап, үлкен бір платформада жинақтап, айқындап көрсетіп отырмыз. Ең басты мақсатымыз ол сұраныстарға ие бағдарламаларды айқындау.