Ғылым Конституция деңгейінде қорғалады

  • 567
  • 20.02.2026, 21:33

Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және инновацияға айрықша мән берілген.

«SARAP» сараптамалық клубы Астанда бас қосып, құжаттағы ғылым мен білімнің рөлін талқылады. Іс-шараға ғалымдар, академиялық қауымдастық пен зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуда ғылымның қоғамдағы рөлі де сөз болды. Қазақстандық қоғамдық даму институты бұл бағытта әлеуметтік зерттеу жүргізген. Мамандар қазір тәуелсіздік, егемендік құндылықтарына басымдық берілетінін алға тартады. Бірақ одан өзге құндылықтар ақсап тұр. Мәселен, жаңашылдық пен кәсібилікке жеткілікті көңіл бөлінбейді. Көп азамат кәсібилікті жалақы мен мансаптық өсуге тікелей әсер етуші фактор ретінде қарастырмайтыны анықталды. Сонымен қатар жалпы қоғамға қатысты ғылыми-танымдық зерттеулердің аздығы байқалған. Сауалнамаға 2400 адам қатысқан.

Риззат Тасым, Қазақстандық Қоғамдық даму институты қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының басшысы

- Референдумға ұсынылған Конституция жобасында преамбуланың өзінде «Мәдениет және білім, ғылым және инновацияға басымдық бере отырып», - деп нақты осы бағдарды айқындаған. Одан бөлек, ғылымға қатысты, әсіресе, интеллектуалды жекеменшіктің қорғалатынына қатысты нормалар енгізілген болатын. Әсіресе білесіздер, биылдың өзінде ғылымға қатысты жаңа заң жобасы заңнамалық жоспарда бар. Сондықтанда бүгінгі барлық ұсыныстар осы заңнаманың жетілдіруіне себеп болады деп есептейміз.