Елімізде IT-Aiel және AqylTech тегін цифрлық оқыту бағдарламалары басталды. Жоба жастар мен әйелдердің қаржылық сауатын арттырып, заманауи цифрлық технологияларды игеруіне мүмкіндік береді.
Биыл барлық өңірден 10 мың әйел қатысып жатыр. Олар онлайн бизнес құрудың жаңартылған модульдерін меңгеріп, монетизация, промпт-инженерия, AI-видеопродакшн, автоматтандыру және қосымша әзірлеуді үйренеді. Ауыл жастарына қолдау көрсету үшін жүзден аса тренер де тартылған.
Айта кеткен жөн, соңы 3 жылда осы бағдарлама бойынша 21 мың әйел білімін жетілдірді.
Гүлмира Қанай, Nazarbayev University вице-президенті:
- Бұл жоба IT саласында жұмыс істемейтін әйелдерге технологиялық индустрияға қадам жасауға мүмкіндік беретін бірден-бір мүмкіндік. 2025 жылы ғана олардың 4 мыңнан астамы әйелдер оқып, 1333-і жұмысқа орналасқан. 70 пайыздан астамы қаржылық жоспарлар мен fintech құралдарын қолдана бастады. Қатысушылардың 71 пайызы – жас аралығы 35-45 жас аралығындағы қыз келіншектер.