QOSTANAI TECH инновациялық фестивалі өтті

  • 7
  • 29.04.2026, 21:47

Қостанайда отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль өтті. Технология жетістіктерін паш еткен ауқымды іс-шара цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғасы ретінді бағаланып отыр. Өңірдегі машина жасау зауыттарының техника көрмесі, қолданыстағы өндірістік  технологиясы, ІТ-компаниялардың жаңа жобалары көпшіліктің назарына ұсынылды.Инновациялық фестивалге барлық өңірлерден қонақтар келді. Арасында жасанды интеллект саласының «жілігін шағып, майын ішкен» мамандар да аз емес. Олар ақпараттық технологияны дамыту, оны өндіріске еңгізу турасында ойларын ортаға салды. 

Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:

-Жасанды интеллект дегеніміз әсіресе тілдік модель. Біз ағылшыннан да алып көшіруімізге болады, ол проблема емес. Бірақ ұлттық қауіпсіздік көзқарасынан келсек, ұлттық мүдде, ұлттық болмыш жағынан келетін болсақ, біз міндетті түрде өзіміздің жасанды интеллектіні жасауымыз керек.

Ғабит Бекахметов, білім беру және технология саласының маманы:

-Мына жерде индустрия өте қатты дамыған. Индустрияның маңында соның жанында осындай әртүрлі стартаптарды венчурлық студия деген сондай механизим бар сол арқылы дамыту. Мен сол туралы айтқым келеді.