Оның 75 мыңнан астамы бакалавриатқа, қалғаны магистратура мен докторантураға тапсырушыларға тиесілі. Қазір жоғары оқу орындарында шығармашылық және арнайы мамандықтарға емтихан қабылдау жүріп жатыр.
Шапағат Құдайберген биыл Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ысқақ Ыбыраев ауылының орта мектебін тәмәмдады. Жас түлек болашақта ұстаз болғысы келеді. Ол Петропавлда химия-биология пәнінің мұғаліміне емтихан тапсырды.
Шапағат Құдайберген, талапкер:
- Міне, үлкен өмірге алғаш қадам басып отырмыз. Алда қандай қызықтар, қандай белестер барын білмейміз. Бірақ сол алдағы қиындықтардан барынша өтуге тырысамыз. Балалармен жұмыс істеген ұнайды және де өзімнің арманым – сынып жетекшісі болып, балалармен бір толқында болу.
Петропавлдағы жергілікті университет жас түлектерге 120 оқу бағдарламасын ұсынады. Биыл қосдипломды оқыту жүйесі бойынша бизнес және менеджмент, маркетинг және нарықтық аналитика мамандықтары ашылды.
Айгүл Нұрпейісова, ЖОО басқарма мүшесі:
- Айта кететін жәйт, 13 мен 20 шілденің аралығында білім беру гарнттарының конкурсына өтініштерді қабылдаймыз. Құжаттарды тапсыруға екі тәсілмен болады. Онлайн және оффлайн. Онлайн «Egov» порталы арқылы тапсыруға болады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл биылғы оқу гранттары елдің 2030-ыншы жылға дейінгі экономикалық сұранысына байланысты бөлінген. Сондықтан негізгі басымдық технология, инженерия, білім беру және өнеркәсіп салаларына берілді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы