Астанада MedHub HAQ жобасы іске қосылды

  • 18
  • 08.07.2026, 19:55

Астанада жасанды интеллект негізіндегі медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізуге арналған MedHub HAQ жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – дәрігерлер мен ғалымдарды, жоғары оқу орындарын және IT-әзірлеушілерді бір экожүйеге біріктіру. Аталған бағдарлама медициналық стартаптарды сүйемелдеп қана қоймай, емханалардағы мәселелерді шешуге бағытталған. Қазірдің өзінде MedHub HAQ платформасында бірқатар стартап жүзеге асырылып жатыр. 

Әлия Өтегенова, цифрлық жобаның жетекшісі:

- Біз баланың бірыңғай денсаулық картасын жасап жатырмыз. Сол арқылы дәрігерлер талдау нәтижелерін бағалап, мамандар мен ата-аналардың назарын қандай мәселелерге аударуы қажет екенін анықтауға болады. Осылайша түрлі аурудың алдын алуға мүмкіндік бар. Аталмыш жобаны бірқатар мектеп пен емханада пилоттық режимде сынақтан өткіздік. Нәтижесі жаман емес. Қазір MedHub-пен бірлесіп, жобаны Қазақстанның барлық өңірінде, кейін өзге елдерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.