Олжас Бектенов Аризона университетінің президентімен кездесті

  • 5
  • 09.07.2026, 19:03

Премьер-министр Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен кездесіп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Айта кету керек, Америкалық оқу орны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен стратегиялық әріптестік орнатқан. Бірлескен бағдарламалар аясында 1.2 мыңнан астам студент білім алуда және алғашқы түлектер оқуын аяқтайды. Білім ордалары теріскейдегі су ресурстарына мониторинг жүргізу, тазарту, астық дақылдарының геномдық селекциясы, Каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағының генофонын сақтау сияқты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр.