Мемлекет басшысы Аризона университетінің делегациясын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің академиялық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Президент Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орнына барды. Соның ішінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр.