Елімізде ТМД елдері арасындағы мұғалімдер және білім саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді
Бұл туралы бүгін съезге арналған кеңес отырысында айтылды. Мамандар: «Ауқымы кең шара ТМД елдерінің оқу жүйесіне тиімді өзгерістер алып келуі мүмкін», – дейді. Өйткені білім саласындағы 15 мәселе қарастырылады. Тиісінше ең үздік педагоктарға арналған онлайн фестивальдің де жауабы анық болады. Оларды арнайы медальдармен марапаттау жоспарланған. Айта кетейік, мұғалімдерге арналған іс-шара елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- ТМД мемлекеттерінен біздің саланың майтарлмандары, қызметкерлері және де министрліктерінің өкілдері келіп жатыр. Сондағы ТМД мемлекеттерінде білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты қалай дамытамыз деген сұрақ бар. Тәжірибе алмасу қашанда болса маңызды. Педагоктардың шеберлік сағаттары да болады. Әр мемлекеттің өкілдері шығып, өздерінің тәжірибелері бойынша ұсыныстары бойынша сөз сөйлейді.