Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Жергілікті өнертапқыштар сұйық тыңайтқышты топыраққа салатын құрылғыны жетілдіріп жатыр. Өскемен, Қостанай және Қызылжар агрокәсіпорындары бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобаға шетелдік қаржы ұйымдары 300 млн теңге грант берген. Фермерлер бұл қаржының ақталатынына сенімді. Технолог ғалым Бағдат Азаматов қазір әріптестерімен бірге жаңа құрылғыны әзірлеп жатыр.
Бағдат Азаматов, ғылыми өндірістік кешеннің басшысы:
- Біздің жасап жатқан дөңгелегіміз ауыл шаруашылығы саласында сұйық тыңайтқышты жерге енгізуге арналған. Әлемде мұның бірнеше түрі бар. Біздің мақсат – конструкцияның принципін біраз өзгерту. Инъекторлардың құрылымы және беріктігі өзгереді.