Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда көмектесетін тағы бір жоба іске қосылды
Олар өз қатарынан тәлімгерлерді іріктеп, оқушыларға бағыт-бағдар беруге кіріседі. Ұйым өкілдерінің сөзінше, елімізде қандай да бір оқу орнын бітіргендердің 60% қазір өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі меңгерген кәсібі көбіне сұранысқа ие болмай жатады. Ал еңбек нарығына қажетті мамандықтар туралы түлектер мен ата-аналардың хабары аз.
Мұхтар Мәнкеев, «Болашақ» стипендиясының иегерлері қауымдастығы кеңесінің мүшесі:
- 2023 жылдың соңына дейін 500-ден астам мектепті қамтығымыз келіп жатыр. Бұл жерде біздің басты назарымызда әрине, шалғай аймақтардағы, шалғай аудандардағы орналасқан мектептер. Себебі қазіргі таңда қалада көптеген қосымша оқу дәрістері бар. Бәрі дамыған. Бірақ ауылда оқып жатқан балаларға қазіргі нарықтың өзі қалай дамып жатқанын жеткізгіміз келіп жатыр.