Қаңтар айындағы ҰБТ-ны 123 мыңға жуық үміткер тапсырды
Олардың 102 мыңнан астамы шекті 50 балды жинаған. Сонымен қатар талапкерлер қаңтар мен маусым аралығында тестілеуді 5 рет тапсыра алады. Оқушыларға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін тестілеу уақыты 40 минут ұзартылған. Ұлттық бірыңғай тестілеу 1 компьютер, 2 камера және тест тапсырушы қағидасы бойынша өтеді.