Хабар телеарнасы

Лондонда Абай мен Роберт Бёрнс атындағы қауымдастықтың тұсауы кесілді

Салтанатты рәсім поэзия кешіне ұласып, ұлы тұлғалардың шығармалары қазақ және ағылшын тілдерінде оқылды. Қауымдастық мүшелері: «Бұл — екі ел арасындағы мәдени-рухани байланыстың нығаюына оң әсер етеді», — дейді. Ұйымдастырушылар мұндай басқосуды жылына кемінде екі рет Астана мен Лондонда өткізуді жоспарлап отыр. 

Уильям Пэйти, Абай-Бёрнс қауымдастығының мүшесі:
-Абай мен Бёрнстің поэзиясы өте ұқсас. Осы шараға келер алдында мен Абайдың шығармаларымен таныстым. Екеуі де өте сезімтал ақындар. Махаббат, сұлулық, табиғат туралы жазған өлеңдеріне тәнтімін.