Хабар телеарнасы

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді

2023-2024 оқу жылына жалпы 88 мың білім беру гранты бөлінді. Оның 73 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңы магистратураға, қалғаны докторантураға тиесілі. Мамандардың айтуынша, биыл гранттың 60% инженер-техникалық бағытқа беріледі. Сондай-ақ 3653 жас «Серпін» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен оқи алады. Ал өңірлік жоғары оқу орындарына бұл жолы 6300-ге жуық педагогикалық квота белгіленіп отыр. 

Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі: 
- 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Қабылдау ЖОО 25 тамызға дейін жүзеге асырылатын болады.