Түркияның БАҚ өкілдері қазақстандық журналистермен кездесті
Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен шара екі ел журналистерінің ынтымақтастығын арттыруға бағытталған. «Мақсатымыз – экономикалық-инвестициялық мүдделерді көздейтін ортақ жобаларды іске асыру», - дейді «Түркітілдес журналистер қорының» президенті журналист Нәзия Жоямерген. Құрамында Түркия елінің ақпарат министрлігінің өкілдері, жергілікті БАҚ басшылары бар 27 адамнан тұратын делагация журналистердің заманауи технологиядағы біліктілігін де сөз етті.
Рамазан Демир, Балыкесир журналистер одағының төрағасы:
- Қазір Digital журналистика дамып жатыр, жасанды интеллектті біз қалай пайдаланамыз? Қазақстандық журналистермен осы мәселе төңірегінде ой бөлістік. Біздің басты мақсатымыз – екі елге де тиімді жобаларды жасай отырып, кәсіби тұрғыда ынтымақтастық орнату.