Хабар телеарнасы

Алматыда халықаралық теориялық және қолданбалы химия ғалымдарының кездесуі өтті

Қатысушылар Мемлекет басшысының жолдауында айтылған жаңа міндеттер аясында заманауи ғылымның негізгі бағыттарын талқылады. Жиын біліктілікті арттыру курстары форматында өтті. Студенттер мен магистранттарға отандық және шетелдік профессорлар дәріс оқиды. Онда қоршаған ортадағы радиацияны бақылау, шикізат өңдеудің технологиялық ерекшеліктері сөз болады. Кездесу ғалымдар арасында халықаралық байланысты дамытуға мүмкіндік бермек.

Михаил Наурызбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
-Талқыланатын мәселелер Қазақстан үшін және IUPAC дүниежүзілік ұйымы үшін маңызды. Мен Қазақстан үшін жалпы жаңа әдістер туралы айтып отырмын. Әлемде шикізатты өңдеу саласында белгілі бір материалдардан жаңа компоненттерді алуға мүмкіндік беретін технологияларды қолданады. Бұл біздің ғылым үшін де жаңа бастама болар еді.