Алматылық студент экологиялық дрон ойлап тапты
Алматылық студент Арманжан Қуанаев көпфункционалды EcoDrone жасап шығарды. Құрылғы ауаның ластануы туралы ақпаратты автономды түрде жинайды. Аппарат арнайы қосымша арқылы басқарылады. Алдымен ноутбукта қажетті траекторияны көрсетеді. Содан кейін барып дронды іске қосады. Ондағы өлшеуіш құрал ауа сапасының индексін Air quality index халықаралық стандартына сәйкес бағалауға мүмкіндік береді.
Мысалы, азот оксиді, көміртегі оксиді секілді қалдықтардың мөлшерін көрсетеді. Дрон деректерді жинап алған соң бірақ қонады. Ақпарат флешкада сақталып, скрипт бағдарламасында өңделеді. Ал аккумляторының қуаты 30-40 минутқа жетеді.
Арманжан Қуанаев, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті:
- Дронды түгелдей өзіміз құрастырдық. Бөлшектердің көбін тапсырыспен алдырдық. Мәселен, тірегін, аккумлятордың бір бөлігін, электронды жылдамдық реттегішке тапсырыс бердік. Бұл жобаны жүзеге асырудағы ең қиын нәрсе өлшеуіш құралдар болды. Өйткені жүйені енгізу кезінде алғашында сәтсіз шықты.