Соңғы 3 жылда елімізде 340 мың оқушыға арналған 620 мектеп салынды
«Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 369 оқу орнының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді. Айтуынша қосымша білім және үйірмелер 3 миллионнан аса баланы қамтиды. Сол себепті Президенттің тапсырмасымен 50 сауықтыру орталығы, 37 оқушылар сарайы мен 63 өнер мектептерінің құрылыстары жүріп жатыр. Барлық білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі де шешіліп жатыр деп баяндады.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
-Мектептердің көпшілігі жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелері орнатылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бейнебақылау жүйелері қойылатын стандарттар мен талаптар одан әрі де күшейтілу үстінде. Барлық білім беру ұйымдарында міндеттері оқушылар үшін қолайлы ахуал туғызу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу болып табылатын қомқоршылық кеңестер ата-аналар комитеттері, медиация жұмыс жасайды.