«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
19 талантты жас. Биыл байқауға қатысуға 340 аса үміткер өтінім берген екен. Биыл марапат ережелері өзгергенін де айта кеткен жөн.
Мсыалы, қатысушылардың жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Ал «Қоғамдық қызмет» номинациясы «Креативті бастамалар» деп аталды. Жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы дипломы, төсбелгі мен ақшалай жүлдені Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев зиялы, интеллектуалды ұлт туралы айтқанда ең алдымен оның негізін құраушы өздеріңіздей өнерлі, білімпаз ғана емес, терең саналы, рухани сапалы жандар туралы айтады. Бір ғана Димаш Құдайбергеннің мысалында Отанымызды, оның мәдениеті мен тілін төрткүл дүниеге паш етіп жүрген өнерпаз ғана емес, ішкі парасаты зор, адами танымы үлгі, жаны мейірман азамат екенін көреміз.