Қарағандыда алғашқы жайлы мектеп ашылды
Қарағанды қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша алғашқы 2 мың оқушыға арналған білім ордасы пайдалануға берілді. Енді қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан төрт мектептегі жүктеме азайтылды. Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асатын білім ошағында оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Әр қабатында коворкинг алаңдары бар. Бастауыш және жоғарғы сыныптар үшін бөлек блоктар қарастырылған.
Мартбек Күзембаев, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
-Мектептің іші заманауи технологиялармен жабдықталған. Жайлы мектеп жанға жайлы. Мына биылғы оқу жылы сәтті жыл болсын. Ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеймін. Болашағымыз жарқын болсын!