Хабар телеарнасы

Тараздықтар ЖИ көмегімен бірталай жаңашылдыққа қол жеткізді

Цифрлық технологияға мән беру қажет. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осындай тапсырма бергені белгілі. Бұл ретте Тараз халқы бірталай жаңашылдыққа қол жеткізді. Тұрғындар жерді электронды өтінім беру арқылы алса, Смарт майн жобасының көмегімен құзырлы орган өкілдері жер қойнауын пайдаланушыларды онлайн тексере алады. Ал денсаулық сақтау саласында диагнозды жасанды интеллект қоймақ. Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы жасанды интеллект пайда болғалы әлемде 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. 

Қасымхан Төлендиев, қоғам белсендісі:

-Біздің жастар бұл жасанды интеллектіден қорықпау керек. Оны батыл игере беру керек. Үйрене беру керек. Әсіресе мынау дамыған мемлекеттерде қалай ол жолға қойылған, соның бәрін үйрене беру керек. Технологияларға, әсіресе мынау ІТ саласындағы осы жасанды интеллектіге көбірек қамтылса көбірек үйренсе, ол келешекте жақсы болады.