ДДСҰ маймыл шешек індетіне байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешек індетінің таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. Жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам осы дертті жұқтырған. Оның 524-і көз жұмды. Шешек індеті Конго Демократиялық Республикасында он жылдан астам уақыттан бері тіркеліп келеді. Соңғы жылдары Африкада және одан тыс жерлерде таралуы өршіп барады. Бұған қоса көп елде коронавирус жұқтыру жағдайы да жиілеп кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері арқаны кеңге салуға болмайтынын айтып, вакцинаның пайдасы жайлы ұмытпауға шақырып отыр.
Мария Ван Керкхове, ДДСҰ өкілі:
-Ковид-19 көп елде тарап жатыр. Кейінгі бірнеше аптада 84 мемлекетте науқастар саны көбейген. Әр өңірге байланысты көрсеткіш 10% асады. Еуропада тест тапсырып жатқандардың 20% оң нәтиже көрсетіп жатыр.