Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа ота жасала бастады
Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында бір күнде үш анаға жасалған ота сәтті аяқталды. Бұл туа бітті патологияны түзетуге септігін тигізеді. Құрсақішілік операция елімізде осы маусым айынан бері ғана қолға алынды. Қазір Астана және Алматыда екі медициналық орталықта жасалады.
Әнел Өркенова, феталдық хирург:
-Феталдық операциялар зәр шығару жүйесінің ауруларында, бүйрек ауруларында, монохориалдық егіздерге жасалады және жүкті әйелдердің суы көп болған жағдайда және суы аз болған жағдайда осы феталдық операция жасалынады. Монохориалдық егіздерді алсақ, олар 26-27 аптада туылады да, инвалид болады. Олар 36-37 аптаға жету үшін осы операция жасалуы керек. Оны жасамаса, жатыр ішінде шетінеп кетеді.