Петропавл дәрігерлері ер адамның жүрегінен темір тікенді алып шықты
Петропавл дәрігерлері бүгін ер адамның жүрегінен кәдімгі шина бүрін алып шығарды. 22 жастағы қала тұрғыны көлік дөңгелегінің жарылуынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның өкпесі мен бауыры зақымданған. Мамандар бір литр қан жоғалтқан науқастың кеуде қуысына екі сағат бойы операция жасап, темір тікенді алып шықты. Қазір ол үйіне шығарылды.
Алексей Дрюпин, хирург:
-Науқас қабылдау бөлімінен бірден операцияға түсті. Өйткені жарақаты өте күрделі болды. Сирек кездесетін жағдай. Дәрігерлердің арқасында жүректегі металл бұйым алынып, ер адам аман қалды.