Алматыда зиянды шығарындылар деңгейі төмен аумақта арнайы жол белгілері орнатылды. Мұндай жерлер LEZ аймақ деп аталып, ашық жасыл түсті ақпараттық тақта орнатылады. Бұл белгілер қандай экокласстағы көліктердің жүруге болатынын білдіреді. Сондай-ақ сол автокөліктердің ауаға шығаратын зиянды қалдығының рұқсат етілген мөлшерінен хабардар етеді. Мамандардың айтуынша, әзірге ЕВРО-3 және одан төмен экокласстағы темір тұлпардың LEZ аймақтарда жүруіне тыйым салынбайды. Бұл жаңашылдық Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Абай, Достық көшелерін қамтыды. Пилоттық жоба цифрлық инфрақұрылымды тексеруді көздейді. Сондай-ақ көліктердің ауа сапасына әсері туралы деректер жинайды.
Дулат Мұратов, жоба үйлестірушісі:
- Статистика бойынша жалпы ауа ластануының 60-80 процентті көлікке тиесілі. Пилоттық жоба техникалық мәселелерді шешуге арналған. Ол жермен қандай көліктердің қатынайтынына талдау жасалып, ауаға қаншалықты зиян келтіретіні туралы деректер жиналады