Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Атырауда ауа сапасына қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды

  • 3830
  • 08.09.2026, 18:34

Атырауда ауа сапасының нашарлауына байланысты жоспардан тыс тексеру басталды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. «Тұрғындар қаланың кей аумағында тіпті демалу мүмкін болмай қалды»,- деп дабыл қақты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ауадағы зиянды қалдықтардың бірнеше есе өскенін анықтады. Министрліктің мәліметінше, тексеріс жұмыстарын облыстық Экология департаментінің инспекторлары жүргізіліп жатыр. Министрлік мамандары жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.