Қазақстанда үш жыл ішінде 288 млрд-тан аса цифрлық теңге айналымға енді

  • 11
  • 07.11.2025, 19:32

Пайдаланушыларға бұрынғыдай екінші деңгейлі банктер арқылы қызмет көрсетіледі. Біріншіден, бұл жаңа төлем құралы. Екіншіден, жаңа қызметтің пайда болуына жол ашады. Маңыздысы цифрлық теңгеде пайыз болмайды. Бұл қаржылық тұрақсыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір цифрлық теңгені толыққанды пайдалану үшін нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. 

Әйгерім Бабағалиева, Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы департаментінің бас сарапшысы: 

-Айта кету керек, цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаны алмастыру ретінде емес оларға қосымша ретінде жасалуда. Қазір біз цифрлық теңгенің пилоттық жобасын 2021 жылдан бастап зерттеп жатырмыз. Осы жылдың аяғына қарай өнеркәсіптік деңгейге шығарамыз.