Бұл туралы таяуда Үкімет отырысында айтылды. Экономиканың өсуімен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы да арта түскен. Бұл Мемлекет басшысының саланы қолдауымен және ауылдықтардың тұрмысына тікелей назар аударуының арқасында жүзеге асып келеді. Президенттің қамқорлығы өндірісті ғана емес, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық саланы да қамтуда. Енді «Ауыл шаруашылығы мамандары күні» қарсаңында Астанада ауқымды форум өтеді. Іс-шараға орай, елордадағы лед экрандарда әлеуметтік жарнама пайда болды.