Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған Creative Shift өңірлік буткемпі басталды. Оған 300-ден астам өтініш түсіпті. Бір аптаға жоспарланған бағдарлама аясында қатысушылар бизнес-модель құру, өнімді нарыққа шығару, жобаны ілгерілету және инвестиция тарту тәсілдерін меңгереді. Яғни тың идея ұсынып қана қоймай, оны табыс әкелетін, тұрақты дамитын жобаға айналдыруға жол ашылады. Бұған дейін осындай кезеңдер Алматы мен Шымкент қалаларында ұйымдастырылған. Енді елордалық қатысушылар да өз жобаларын жетілдіріп, кәсіби мамандардан тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.
Алмас Сағынұлы, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры басқарма төрағасының орынбасары:
- Бір креаторлар бар, өздерінің жақсы өнімдерін шығарады да, бірақ маркетинг немесе жобалау бойынша білімдері жоқ деген сияқты. Эксперттермен талдау жасап, өздерінің жобаларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік болады. Себебі біздің эксперттеріміз екі-екі жобадан таңдап алады.