2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 14,4 трлн теңгеге жетті
Себебі Үкімет өз шығындарын 129 млрд теңгеге қысқартып отыр. Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Сондай-ақ отырыста елдегі электронды сауданың дамуы да сөз болды.
Былтыр онлайн сауда нарығының көлемі 700 млрд теңгеден асты. Тағы 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 трлн теңгеге жетті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ішкі нарық қарқынды дамып келеді. Себебі қазақстандық интернет-дүкендерден сатып алу көлемі 422 млрд теңгенің маңайында болса, халықаралық интернет-алаңдарында, бұл сома 280 млрд теңге екен.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен бар. Алайда салық жеңілдіктерін пайдалану үшін 579 интернет-дүкен ғана тіркелген. Сондықтан нарықтың реттеу рәсімдерін қатаңдатпай, осы саланың заңды қызметін ынталандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды.