Мемлекет өзінің барлық міндеттемесін орындайды
Ерболат Досаевтың айтуынша, мұндай шара баға тұрақтылығын сақтау және теңгенің айырбастау бағамын қорғау үшін қажет. Себебі қазір әлемдік экономикадағы ахуал күрт өзгеріп жатыр. Жаһанның жартысын жалмаған коронавирус індеті экспорт әлеуетіне кедергі келтірді. Биыл әлемдік ЖІӨ өсімінің қарқыны 1,5 % дейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк төрағасы: «Енді халықаралық нарықтағы ахуалды мұқият бақылап, қажет болған жағдайда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабыладанады», – деді.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- Бұл мұнай бағаларын айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Ағымдағы жылдың 9 наурызында «Брент» маркалы мұнай 1 баррелі үшін 31-31,5 АҚШ доллары шеңберінде саудаланды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендеу, 30% асты. Ал мұнай бағасының құлдырауы аясында жоғары мәндегі 1 АҚШ доллары үшін 75,4 Ресей рублі шамамен 10% құрайды.