Ермек Мүсірепов: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы биыл қалай өзгереді?
Бұндай жарнамалар қазір Қазнетте өріп жүр. Бағалары да қарапайым қазақстандықтың қалтасына тең келмейді. Ең қымбаты 2,5 млрд теңгенің төңірегінде. Бұған үкімет байлыққа қытысты енгізгелі жатқан салығы түрткі болды ма әлде қаралы қаңтар оқиғасының да себебі бар ма? Бұл сауалды біз Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповке жолдаған едік. Сарапшының айтуынша, бұндай жарнамалар бұрыннан бар. Оған елде болған соңғы оқиғалардың еш қатысы жоқ. Бұл нарықта болатын қарапайым құбылыс. «Әр санатқа жататын үйлердің өз сатып алушылары бар», – дейді, сарапшы. Сондай-ақ Ермек Мүсірепов Қазақстандағы тұрғын үй нарығы биыл қалай өзгеретіндігіне де өз болжамын айтты.
Ермек Мүсірепов, Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті:
- Соңғы 2 жылда біз жүргізген мониторингтің қорытындысына сай биыл комфорт және эконом санатындағы пәтерлердің құны сәуір-мамыр айларында сәл арзандауы мүмкін. Дегенмен, қазір елде 1 шаршы метрдің құны тым қымбат. Өйткені халықтың табысы пәтерді ипотекалық несиеге сатып алуға да жетпейді. Маман ретінде айтарым, қарапайым халыққа мөлшерлемесі 3-4%, ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін 2% болатын ипотекалық несие ұсынылса, онда әрбір азамат баспаналы болар еді. Ал қазіргі бағдарлама қолжетімсіз.