Халық банк өкілдері «Digital Bridge» форумында өз жобаларын таныстырды
Өз сөзінде министр мұндай шаралардың цифрлық даму жолында берері басым екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңдағы электронды үкімет платформаларындағы тың өзгерістер жайлы да сөз қозғады.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Анықтама сұрау бізде әлі бар. Енді платформа арқылы сол анықтамаларды өзіңізде сақтай аласыз. Мысалы, жұмысқа тұру үшін жұмыс орныңызды белгілесеңіз, сіздегі анықтамалар автоматты түрде жіберіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда электронды үкімет порталындағы құжаттар Халық банктің платформасына да енгізілген. Жиында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова да банк қосымшасындағы бірқатар өзгерістерге тоқталды. Қазірде қосымшаның қолайлығына байланысты қолданушылар саны артқан. Мысалы, саяхат бағытын алсақ. Онда интермодальдық сапарларды жасауға мүмкіндік бар.
Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы:
-Осы жерден әуе, теміржол, автобус билеттерін сатып алуға болады. Бұл ҚТЖ-мен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Бүгінде ай сайын 100 мыңға жуық адам қызметті белсенді пайдаланады. Бұл ретте 182 мыңға жуық билет сатылды.
Айта кетейік, «Халық банк» қазіргі таңда активтер бойынша Қазақстанда бірінші, ТМД елдері арасында үшінші орында тұр.
Нариман Мұқышев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
-Біздің мақсат тұтынушы біздің платформада тек банк қызметтерін ғана емес, қажетті қызметтің бәрін қолданса дейміз. Яғни өміріне қажеттінің бәрін жеңілдету және қолжетімді ету, цифрландыру.
Бұл бағытта банк қызметкерлерінің жоспарлары жүйелі. Оның бәрі кезең кезеңімен іске асатынын айтады мамандар. Ал оларды жариялауға мұндай форумдардың игілігі көп.