Кәсіпкерлердің шешілмей келген мәселелері қайта қаралды
Еліміздегі балабақшаларда бұрын болмаған медициналық бөлме болу міндеттеледі. Жаңа жылға дейін тиісті нормативтен өтпейтін болса, 20 мыңға жуық бала мемлекеттің қолдауынан тыс қалады. Екінші кәсіпкердің мәселесі бойынша Астана қаласында жекеменшік колледждегі ерекше қажеттілігі бар балаларға 6 білім квотасы бөліп, инватаксидің санын арттырмақ. Бұдан бөлек 1700-ге жуық көлік тұрағы тегін болады. Келісім комиссияның отырысына 80% салық комитетінің мамандары қатысып келген болса, енді таразы басы тең болмақ. Бұл кәсіпкер мәселесін дауысқа салғанда маңызды рөл атқарады.
Қанат Елеусізов, кәсіпкер:
- Мен өзімнің 100 пайыз дұрыс жасағанымды дәлелдеп тұрсам да мені сотқа берген. Ондағы мәселе мынада. 15 жыл бұрын бизнесімді басқа кәсіпкерге жазып бердім. Онда кейін ол кәсіпке қатысым жоқ. Салық органы ортақ мәміленің бар-жоғына қармай сотқа берген. Қазір олар заңды мәмілені жарамсыз деп тануда.
Бейсен Жолболдиев, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Көптеген кәсіпорындар келісім жасаған кезде екіжақты келісімдерін салық департаменті жағынан дәлелсіз деп танытып жатыр. Бұның өзі үлкен шығынға әкеледі. Бір кәсіпорынмен бірге жұмыс істеген кезде арғы жақтан қандай тауар, қандай қызметтер атқарып жатыр. Ол оның бәрін зерттеуге міндетті емес. Тиісті ұсыныстар Қаржы министрлігіне, Орталық аппараттарға, жергілікті әкімдікке тиісті осы ұсыныстар берілетін болады.