23 млн гектар өнім ысырапсыз жинап алынды
Шикізат жеткілікті болған соң өңдеу саласының аяқалясыда жақсарған. Мәселен бүгінде өсімдік майының өндірісі 580 мың тоннаға жетіпті. 90 мың тонна жарма әзірленген. Балмұздақ дайындау 18% артып, 44 мың тоннаны құраса, макарон 150 мың тоннадан асқан. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру үшін 2023 жылы кей дақылдар бойынша алқап көлемін арттыру жоспарланып отыр.
Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
- Қарақұмықтың көлемін 21,6 мың гектарға, майлы дақылдарды – 159,4 мың гектарға, қант қызылшасын – 3,8 мың гектарға, көкөніс және бақша дақылдарын – 1,0 мың гектарға арттыру межеленіп отыр. Сонымен қатар мал азықтық дақылдардың егіс көлемін арттыру бағытында жұмыстар жасалып жатыр.