Қазақстанның сыртқы саудадағы тауар айналымы 32% өсті
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін айта кетейік. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саудадағы тауар айналымы 32% өсіп, 134 миллиард долларға жеткен. Әсіресе, сыртқа өнім сату ұлғайыпты. Мәселен, экспорт көлемі 39,9% артып, табыс 84 жарым миллиард доллар болды. Айта кетейік, Қазақстан әлемнің 100 шақты еліне өнім сатады. Дегенмен импортқа әлі де тәуелділік бар. Былтыр еліміз 50 миллиард доллардың тауарын сырттан әкелген.