Хабар телеарнасы

Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай экспорттауды көздеп отыр

Екі ел арасындағы келісім бойынша қара алтынды ай сайын 20 мың тоннадан жөнелту мақсаты тұр. Алғашқы екі партия жіберіліп те қойған. Енді сәуір айында «Достық» құбыры арқылы тағы 20 мың тонна мұнай экспортталады. Үкімет үйінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді. Сала басшысы сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін дизель отыны бойынша да ақпарат берді.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Бар дизель отыны жеткілікті жинақтағанбыз біздер. Бұған қосымша шетелден қажетті көлемде алып келе жатырмыз қазір дизель отынын. Көктемдегі ауыл шаруашылығы жұмыстарына біздер әзірміз. Жалпы бөлінген көлемі 420 мың тонна. Бағасы 222 мың теңге бір тонна.